Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІР

ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІР

   Былтыр облыс бойынша 59 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 2016 жылдан өтпелі нысан – 23, құрылысы жаңадан басталғаны – 36. Ал, жыл соңына дейін 25-і ел игілігіне берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында былтыр 47 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру бағытында да нақты істер жүргізілуде. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов айтып берді.
  Жылу құбырларын жаңарту жұмыстары да жолға қойылып келеді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдары оларды қайта жаңғыртуға 4 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде 14,4 шақырым құбырлар алмастырылды. Бұл жоба биыл да жалғасын таппақ.
Жол жөндеу бағытында да өрелі өзгеріс жасалды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуге, көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,73 млрд. теңге бөлініп, 215, 3 шақырым жол жөнделді. Жолаушылар тасымалы да жақсарды. Әсіресе, ауылдарға қатынайтын көліктер жайында сын жиі айтылатын. Осы мәселенің орайын табу үшін бүгінде 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус бағыты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қала көлемінде қызмет көрсететін автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы, оларға қызмет көрсететін базасы бар парк пайдалануға берілді. Осы жылы бюджет қаражаты есебінен қосымша орта сыйымдылықтағы 150 автобус сатып алу жоспарлануда.
                                                                                                                                          Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ
12 ақпан 2018 ж. 1 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам