Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласына тақау орналасқан әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан кіші сержант А.Балғынбай рота бойынша кезекшіліктен рұқсатсыз кетіп қалған. «Бұған қоса, қару-жарақ сақтайтын бөлмеден бірнеше атыс қаруының жетіспейтіндігі анықталды. Құқық қорғау органдарының күштері мен әскери полиция әскери қызметшіні іздеу және ұстау, жоғалған қару-жарақты табу бойынша барлық қажетті шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданды», - деп атап өтеді ведомстводан.