Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛ ӘСКЕРІ ҚАЙДА БЕТ АЛДЫ?

ЕЛ ӘСКЕРІ ҚАЙДА БЕТ АЛДЫ?

  Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен құрамалары дабыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Селекторлық режимде өткен жиналыс барысында "Шығыс", "Оңтүстік" және десанттық-штурм әскерилеріне Қазақстанның батыс бөлігіне қайта жасақталып бару тапсырмасы берілді, деп хабарлады Sputnik ҚР қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 
Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен. "Батыс" әскери қолбасшыларына келіп жеткен "Шығыс", "Оңтүстік" және десенттық-штурм әскерилерін қарсы алып, оларды оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін алаңға апару міндеті жүктелді. Майдан алаңында болатын және шабуылдаушы авиация аэродромға, ал әскери авиация алаңдардағы вертодромдарға қарай бағыт алады.
Әскери-теңіз күштері тобы ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери кеме және катерлерімен толықты. Сондай-ақ, әскери бөлімшелердің көмегімен шекара маңындағы жекелеген сақшылар жасағы көбейді.
"Батыс-2018" штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады. Осы оқу-жаттығу жұмыстарына жалпы жаяу және әуе әскерлері, әскери-теңіз, арнайы операциялар күштері мен жасақтар, материалдық-техникалық қолдау білдіретін бөлімшелер, ҰҚК шекара қызметі, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті және ұлттық гвардия әскерилері жұмылдырылды. Олардың жалпы саны — 5000 сарбаз. Сондай-ақ, олар штаттық қару-жарақ және әскери техникалармен жабдықталған.

Дереккөз:https://sputniknews.kz
17 қыркүйек 2018 ж. 1 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам