Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада полицияның пара алу дерегі тіркелген жоқ

Қызылордада полицияның пара алу дерегі тіркелген жоқ

   Биыл пара алған 16 полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«2020 жылдың басынан бері 16 полиция қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Ұсталғандардың арасында жол-патрульдік полициясының қызметшілері, тергеушілер, сондай-ақ ҚАЖ комитеті құрамындағы мекемелердің өкілдер бар. Статистикалық ақпаратқа қарағанда, әр өңірде бір адамнан анықталды. Биыл Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында осындай оқиғалар тіркелмеді. Алған параның ең жоғары сомасы 100 мың теңгені құрады. Ал кеше Петропавлда екі млн теңге сомасында полицейдің пара алу күдігіне іліккені белгілі болды», - деді департамент басшысы.
Сонымен қатар ол көлікке мас күйінде отырған полицейлер туралы айтып берді.
«Осы жылы мас күйінде көлікті басқарған 18 қызметші анықталды. Олардың, әрқайсысы 7 жылға өзінің куәлігінен айырылады, 15 тәулікке қамалады, сондай-ақ міндетті түрде қызметінен босатылады», - деді А. Саданов. Бұдан бұрын хабарланғандай, СҚО-да тергеуші 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.
21 ақпан 2020 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам