Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алтын, күміс тас екен

Алтын, күміс тас екен


Бес жаппасқа белгілі Аппаздың үйінде мүсәпір кемпір болған. Сол кемпір тезек теріп жүріп жылтырауық нәрсе тауып алады. Бала ойнайды деп кішкене нәрестенің қолына ұстатады. Мұны байқаған Аппаз: «Қайдан алдың?» дейді кемпірге. Орнын көрсетсе алтын біршама екен. Дереу ағасы Мырқыны шақырып, болған оқиғаны айтады. Сол алтынның арқасында қажылыққа барып, тіпті Меккеде Құнанбаймен бірлесе қазақтар үйін салдырды деген сөз бар. Ал мүсәпір әйел Аппаздың үнемі жанында болып, күйлі тіршілік көріпті.   
   Иә, байлық пен дәулеттің белгісі, көздің жауын алатын бұл металл қанша дәуір өтсе де құнын жойған емес. Жарқырап көздің жауын алады. Сондықтан болар, халқымыз адам бойындағы асыл қасиеттерді алтынға балаған. Көбіне қыз-келіншектер тұтынатын алтын бұйымдары әсем келбетіне әдемі рең қосып, тартымдылығын арттыра түседі. Ал енді дәулет пен сұлулықты қоса көрсететін алтын бұйымдарының бүгінгі жайы қалай?
  Жалпы  алтынның ең жоғарғы сынамасы 999, ең төменгісі 375 болып саналады. Мамандардың айтуы бойынша, ең жоғарғы сынама тез иілгіш болғандықтан, әшекей құмар ханымдарға 750 немесе 595 сынамалы бұйымдарды тұтынған ынғайлы. Себебі олар қатты, ұзақ сақтауға ыңғайлы әрі құрамында алтын көп болғандықтан уақыт өтсе де құны жоғары болады.
   Медицина саласында бұл металдың емдік қасиеті кең таралған. Химия негіздерін медицина саласына енгізуші ғалым Парацельс адам өміріндегі ең маңызды мүше жүрек ауруларынан айығуға көмектеседі деп түсіндіреді. Ал Көне  Греция мен Римде алтынды ауызға салып тамақ ауруларын емдеген екен.
  Қазір біз көріп жүрген базар сөресіндегі бұйымдар құрамында осы байлық кездесетін металдар қорытпасы. Таза алтынның түсі ашық сары. Десек те сауда орталықтарында қызыл, сары, ақ және қара алтын түрлері сұранысқа ие. Зергерлердің тәжірибесі арқылы платина, палладий және никельді ақ алтын үшін, мыс пен күмісті қызыл алтын үшін, ал кобальт пен хромды алтынмен біріктіру арқылы қара түсті алтын бұйымдарын жасауда.
   Заманауи технологиялар өндірісте дамыған заманда алтынға ұқсас дүниелер көбеюде. Оны алдап сатушылар да кездеседі. Осы орайда алтынды ажыратудың қарапайым әдістері мыналар: Ең алдымен бұйымның сынама белгісі бар және жамалған жері жок екендігін үлкейткіш әйнек (лупа) арқылы тексеріңіз. Тағы бір әдіс жерге құлатқан сәтте одан хрустальдікіне ұқсас дыбыс шығады. Сонымен қатар бұйымды сірке суына жарты сағатқа салып қойсаңыз, түсі өзгереді. Өзгермеген жағдайда таза емес болып есептеледі.
  Алтын бұйымдарын сатушылардың айтуы бойынша өңірімізде осы бағалы металдың бір грамы он үш мыңнан 18 мың теңгеге дейін сатылуда. Ең арзан алтын бұйымдары түрік, украйн алтыны болса, қымбат бағаланатын Ресей, Италия, Беларусия елінің алтындары. Ал көп сұранысқа ие жалпы халыққа ыңғайлы түрік, украйн, қазақ алтындары.
  Өңіріміздегі алтын бұйымдарын сататын сауда орталығының бірі «Айт-бек» сауда үйінде қызмет көрсететін Мешітбай Динара  айтуы бойын ең өтімді, табыстың басым бөлігін құрайтын «Құдалықтың алтыны» деген атауға ие алтындар екен. «Жалпы тұрғындар ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырарда ештеңеден аянбайды. Шама жетпесе де қарызданып, жұрттан қалмауға тырысады. Осы орайда қалтаға салмақ түспейтін бұйымдарды әкелеміз. Ол бұйымдардың біріншіден құрамында өзге қоспа көп және көлемі үлкен көрінуі үшін ауа толтырылады. Ең өкініштісі, арасы қуыс жеңіл өнім тез майысқыш, майысқан жағдайда түзетуге келмейді. Аты алтын болғанымен сапасы сын көтермейтін дүние екі жақтың арасында түсініспеушілік туғызатын жайттар да кездесуді» дейді. Дегенмен шеберге де, саудагерге де кінә арта алмаймыз. Олар бар болғаны сұранысты орындаушы ғана. Бұл тек алтын бұйымдары сапасының өзгеруіне әкелуде.
  
                                                                                 Наргиза БЕКТАЕВА
25 ақпан 2020 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам