Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аралда ақын тойы басталды

Аралда ақын тойы басталды

Арал аудандық мәдениет үйінде қазақтың бас ақыны, ағартушы, композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуы өтті.
Шараға қатысушыларға алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы кітап көрмесі таныстырылды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев: «Ұлы Абайдың 175 жылдығы – маңызды саяси шаралардың бірі. Абай дүниетанымы – ұлттың рухани игілігі. Сондықтан да, ішкі түйсік пен ой-өрісімізді дамытуда Абайды айналып өту мүмкін емес. Ақынның мерейтойы өнегелі, өміршең жобалармен есте қалары анық. Дүйім ел, тұтас ұрпақ буыны үшін тағылымды маңызы зор, тәрбиелік мәні жоғары осындай шаралар бүгінгі буынның Отаншылдық рухына дем беріп, ұлтты ұйыстыратын, жасампаз істерге жұмылдыратын рухани маңызы зор мәдени мұраға айналуына тілектеспін», - деді.
Шара барысында көркем сөз бен ойлы өлеңнің реформаторы, жаңа замандағы жазба әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың жастық шағы жайлы театрландырылған қойылымдар мен ақын бейнесі сомдалған көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары Абайдың ақындық мұрасына қосылған бағалы қазынасы – қара сөздерін, философиялық ой-толғаныстары мен өлеңдерін нақышына келтіре орындады.
Мерекелік шарада ақынның халыққа танымал «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегізаяқ», «Жарқ етпес қара көңілім» сынды әндері аудан өнерпаздарының орындауында айтылып, жырлары Сыр мақамдарына келтіріліп шырқалды.
26 ақпан 2020 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 834 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам