Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Министр мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

Министр мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы министрліктің аппараттық кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, кей өңірлерде педагогтер өз жалақыларын толық әрі уақытылы ала алмай отыр. Осыған орай, ведомства басшысының тапсырмасына сәйкес, апта соңына дейін барлық аймақтарда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.
«Жалақы төлеуде не себепті кешіктірулер тіркеліп жатыр? Министрліктің комитеттері әр өңірде тексеріс жүргізуі тиіс. Мән-жайды анықтап, жауаптыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек. Мәселені бақылауда ұстаңыз», – деді Асхат Аймағамбетов вице-министр Бибігүл Асыловаға қарата айтқан сөзінде.
Айта кетсек, жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор іске қосылғалы бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын анықтаған.
26 ақпан 2020 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 616 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам