Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Министр

Қиядағы танымал қандастар
Жәмиля Алмасқызы Ордабаева қазақтан шыққан психиатр-дәрігер, Чехияның саяси қайраткері. Ол 9 қаңтар 2007 жыл мен 23 қаңтар 2009 жыл аралығында Адам құқы және аз ұлттарды қорғау министрі мен Чехия Республикасы Үкіметінің адам құқы кеңесінің төрағасы болды.
Жәмиля 6 ақпан 1962 жылы Алматы қаласында дүние келген. Әкесі Алмас Баймұханұлы сәулетші, ал анасы Рауза Сембаева ғалым, яғни зиялы отбасыдан шыққан. Нағашы атасы Әбдіхамит Сембаев Қазақ ССР Ағарту саласының министрі болды.
Оның шет елге шығуының себебі 1988 жылы Чехословакии азаматы Милослав Стехликпен тұрмыс құрады. Содан бастап ол қоғамдық қызметпен айналысты. Сөйтіп 17 ақпан 1992 жылы Чехословакии президенті Вацлав Гавелдің шешімімен сол елдің азаматтығын алды.
Жәмиля Алмасқызы И. М. Сеченов атындағы Тұңғыш Мәскеу мемлекеттік медицина университетін тәмәмдаған соң ғылыми қызметкер, сосын университеттің С.С.Карсаков атындағы психиатрлар клиникасында педогогтық жұмыс атқарды. Клиникадан Чехославакияға көшуіне байланысты кетуіне тура келді. Сөйтіп осы мемлекеттің Хомутов қаласындағы облыстық денсаулық орталығында дәрігер-психиатр болып қызметке орналасты. 1990-1997 жылдары Прага Ұлттық денсаулық сақтау орталығында методолог болды, онан кейін Ян Эвангелист университетінде ұстаздық етті.
Қандастың келесі қызметі тікелей жеке клиникамен байланысты. Клиникасында жан-жақты еммен қатар СПИД-ке шалдыққандармен күресуді қолға алды.
Студент кезінде Жәмиля ақын Владислав Ходасевич пен Иосиф Бродскойдың шығармаларын таратумен айналысып, «кеңестік жүйеге қарсы» деген айыптауға ілігеді. Осының салдарынан шетеелге шығуға, тіпті ғылыми конференцияға баруға тыйым салынды. Тек жариялық пен қайта құру кезеңі туып, оған қойылған айып тоқтады.
Хомутов қаласы Чехияның солтүстігінде, шекара аймағында орналасқан. Осы жердегі көмір қазу өндірісінде еңбек еткен аз ұлттар – неміс, еврей және сығандардың тағдыры туралы деректер жинақтап, оларға ара түсуге кірісті. П
Ол 1998 жылдан Хомутов қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды және Жасылдар партиясы құрамына кірді. Алайда партиядағы кейбір келеңсіздікке орай ол бас тартып, құрамынан шықты. Себебі әлгінде келіспеушіліктен парламенттік сайлауда партия жеңіліс тапты.
Жәмиля Стехликова (күйеуінің тегіне өткеніне байланысты) екі жылы министр лауазымын атқарды. Бұл Чехия мемлекетіндегі басқа ұлт өкілінен тағайындалған алғашқы адам.
Ол аз ұлттарды қорғауға, оның ішінде жәбір көрген сыған халқына қамқорлық көрсетті. Сөйтіп Әділет министрлігімен бірлесіп «Ұлттар теңдігін қамтамасыз ету» заңын жасады. Мұндай қадамы аз ұлттардың тағдырын қорғаумен қатар оларға мол мүмкіндік беруге ықпал көрсетті. Осылай екі жыл өткенде Чехиядағы жаңа үкіметті жасақтау кезі келді, яғни 2009 жылы Жәмиля өз өтінішімен министр қызметінен босады. Оның орнына Михаил Коцаб тағайындалды.
Мұнан кейінгі жылдары Жәмиля Стехликова Либеральды-экологиялық партиясына кіріп, съездің құрылтайшылары оны партия басшылығына сайлады. Ол мұнымен қоса бірнеше қоғамдық ұйымда қызмет істейді.
Қ. Құрбан

29 ақпан 2020 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам