Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Медицина ардагері Тұрғанбай Маханов - 80 жаста

Медицина ардагері Тұрғанбай Маханов - 80 жаста

   Денсаулық сақтау саласының ардагері, Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының  құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрғанбай Маханов 80 жасқа толды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев ардагерді мерейтойымен құттықтап, аймақ медицинасын дамытудағы ерекше үлесін атап өтті.
«Облыстың денсаулық сақтау саласы дегенде, біздің мақтанар дүниеміз көп. Өйткені, қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер Әли Көтібаровтан бастап, балалар хирургиясының атасы, дүниежүзілік деңгейдегі үлкен ғалым, академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, профессор Ормантаев Камал Сәруарұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, 5 мыңнан астам жүрекке ашық ота жасаған Пя Юрий Владимирович, Қазақстанның «100 жаңа есіміне» кірген, медицина ғылымдарының докторы, профессор Баймаханов Болатбек Бимендіұлын және басқа да жерлес дәрігер профессорларымызды мақтана айтамыз. Сыр өңірі медицинасы тарихында Тұрғанбай Маханұлының есімі ерекше аталады. Аймақтың денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, Сыр медицинасының көптеген жас дәрігерлеріне үлгі болды. Тұрғанбай Маханұлы 1994 жылдың тамызынан 1996 жыл аралығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымын қоса атқарды. Қазіргі таңда облыстық медицина орталығының «Құрметті директоры», осы ұйым басшысының кеңесшісі, Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары ассоциациясының Қызылорда облыстық филиалының Президенті»,-деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі мерейтой иесіне саяси-әлеуметтік, экономикалық және денсаулық сақтау саласының дамуына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Алғыс хатын» және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызының құттықтауын, сондай-ақ,  «Ұлттық Медицина ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ең жоғарғы наградасы «AVE-VITAE» орденін табыстады.
Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төрегелді Шарманұлы мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаев және замандастары мен әріптестері ардагерді құттықтады.
Жиналған көпшілікке мерейтой иесі көрсетілген құрметтері үшін  риясыз алғысын жеткізді.
30 наурыз 2019 ж. 1 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 073 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам