Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұлттық қолөнер екі буын өкілдерін жақындастырды

Ұлттық қолөнер екі буын өкілдерін жақындастырды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қызылордалық зияткерлер әжелерімен кездесу өткізіп, қазақтың қолөнер – ұлттық мұрасын насихаттауға бағытталған арнайы шеберлік сабақтарына қатысты.
Оқушылардың еңбек ардагерлері мен зейнет жастағы қоғам белсенділерімен кездесу шаралары мектепте үздіксіз ұйымдастырылып отырады. Бұл жолы тағылымы мол басқосуға зияткерлер өздерінің әжелерін шақырып, олар жас ұрпаққа өмірлік жолдарынан тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты. Әңгімелесу барысында қазақ әндерін шырқай отырып, екі буын өкілдері ұршық үйіру, текемет тоқу, киіз басу сияқты қазақ халқының ұлттық өнердің жанғыруына үн қосты.
– Ұршық үйіру ата-бабамыздан қалған ұлттық өнеріміз. Оны әжелеріміз аналарымызға, аналарымыз бізге, ал біз балаларымызға үйретуіміз – ұрпақтар сабақтастығы. Білгенімізді ұрпағымызға үйрету – біздің парызымыз», – деді қатысушы әжей Манат Оразбекова.
– Бұл өте игі бастама. Заманауи технологиялар дамыған заманда ұлттық мұраны жастар арасында насихаттау өте маңызды. Бүгін ұлттық құндылықтар көрініс тапқан және тұрғындарының ауызбіршілігі жарасқан бір үлкен ауыл мерекесіне келгендей әсер алдым, – деді әжей Света Сабырбай.
Шара барысында жас дарындылар әжелеріне ғаламтор жүйесін пайдалануды үйретті. Осы ретте, қатысушылар әлеуметтік желіде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жаңа топ құруды ұсынып, сол жерде нақыл сөздермен және тәрбиелік мәні бар әңгімелермен бөлісуді жоспарлайды.
04 наурыз 2020 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам