ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ҚОЛӨНЕР
Қызылорда аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Сырдария ауданындағы Айдарлы ауылындағы кілем тоқу цехындаWORKSHOPформатындағы «Ұрпаққа үлгі қолөнер»шеберлік сағаты өтті.
Шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық құндылықтарды танып білу, прагматизмді дәріптеу және сөңірдегі кәсіпкер азаматтардың табысты тәжірибесін тарату, жастарды аймақты дамытуға үлес қосуға үйрету, «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» тәрбиеленушілерін ортаға бейімдеу.
2010 жылы ашылған кілем тоқу цехының жобасын ауыл тұрғыны Роза Әлбатырова ұсынған. Бүгінгі күні ұлттық құндылығымызды дәріптеп отырған бұл цехтың жұмысы қарқынды жүруде. Қазіргі таңда арнайы тапсырыстар бойынша кілем тоқитын шеберлер бірнеше республикалық көрмелерге қатысып, кілем тоқуды табыс көзіне айналдырып отыр.
Кілем тоқу цехыне отбасылық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылының қыздары мен «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының мүшелері, блогерлер мен тілшілер сапарға шықты.
Шеберлік сағатында қатысушылар кәсіпкердің еңбек жолын өз аузынан тындай отырып, онымен бірге жұмыс жасап үйренді.
Шара нәтижесінде ұлттық нақыштағы кілем тоқу технологиясын меңгере отырып, үйренушілер кілемнен басқа да бұйымдарды жасау идеясын ұсынып, жүзеге асырды.
Қыздар бірінен соң бірі кезектесіп тоқыма станогіна келіп, шебер апаларынан істің қыр-сырын үйренді. Мәселен, тоқыма жіптерден дайын киімдерді безендіруге болатынын, табиғи бұйымның пайдасы мен ерекшелігі турасында білді.
Роза әжеміз қонақтарына дайындаған дастарханынан дәм татқызып, наурыз көжемен сыйлады. Ісмерлікке қызығушылық танытып келген қыздарға арнайы дайындаған сый-сияпатын ұсынды.
«Ақпарат толқыны» бөлімі