ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Жоба аясында мақсатты топтармен семинар-тренинтер, мастер-класстар өткізіліп, «Ақ киіз» үйірмесінің жұмысы жүргізіліп, киізден жасалған бұйымдардан қорытынды көрме ұйымдастырылды.
Жоба мақсаты: Жастардың әлеуеттік белсендіктерін арттыру, «Ақ киіз» қолөнер үйірмесін жандандырып, казақ халқының мәдени, ұлттық құндылықтарын насихаттап, киізден және басқа да материалдардан қазақи нақыштағы түрлі қолөнер өнімдерін жасау. Жастардың өз қабілеттерін, белсенділіктерін толық пайдалануға көмектесу.
Жобаның мақсатты тобы негізіне Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің тұрмысы төмен, қолөнерге жақын жастар қамтылды. Оқыту процесі, көрме де осы колледж негізінде өткізілді.