Бүгін ауа райы қандай болады?
Наурыздың 5-інде батыс, оңтүстік-батыс пен шығыстан басқа өңірлерде жаңбыр, қар жауады, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады.
“Қазгидромет” мамандарының болжамы бойынша бейсенбіде Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, Жамбыл облысында кей жерде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысында кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, 15-20 метр/секунд жел соғады, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.