ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ.КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ. СИНОПТИКТЕР ДАБЫЛ ҚАҚТЫ
Қарашаның 30-ы күні Қазақстанның аумағы белсенді фронталды аймақтың ықпалында болады. Осыған қарай республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, бүгін еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады, республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 метрге жетуі мүмкін. Кей жерлерде тіпті 30 м/с-қа дейін барады. Облыстың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Шығыс-Қазақстан облысында желдің жылдамығы секундына 15-20 метр болады, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Екпіні 30 м/с болады, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Қарағанды облысында жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғып, екпіні 25 метрге жетеді. Кей жерлерде бұрқасын болуы мүмкін. Түркістан облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, таңертең және күндіз желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады. Алматы облысының бірқатар аймақтарына жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетуі ықтимал. Түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа жетіп, тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері аяз болатынын хабарлағанбыз.