Тұман түсіп, жел күшейеді

Солтүстікте желдің соңы боранға ұласуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан обысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде екпіні секундына 25 метр болуы ықтимал. Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал. Алматы облысында түнде және таң ата тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні секундына 25-метрге жетуі мүмкін. Жамбыл облысында түман түсіп, таң ата және күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түман түсуі ықтимал.