Қызылордалық «Далатекс» маска шығаруда
Елімізде медициналық масканың жетіспеуі салдарынан қызылордалық «Далатекс» ЖШС-і маска шығаруды қолға алды. Бұл туралы компания басшысы, Өңірлік кеңес төрағасы Ділмұхамед Абызов айтып берді.
Кәсіпкердің айтуынша, компания тәулігіне 10 мың дана маска шығаруда. Өнімнің басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына жіберіліп жатыр.
Айта кету керек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы коронавирус салдарынан тауар жеткізілімдері тізбегінің үзілуі, отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету және ҚР-дың негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты Жедел штаб құру туралы хабарлайды.
Жедел штабтың міндеттері:
-бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ситуациядағы теріс салдарды бағалау: импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемалар; қаржыға қолжетімділік (қаражат айналымы, валюталық заем, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т.б.);
- бизнестен алынған мәліметтерді күнделікті негізде жүйелеу және өңдеу;
- бизнестің дамуына мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарықтары, қолдау шаралары);
- бизнестен алынған мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлеу.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі