Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық полицейлері үшін оқу-әдістемелік жиын өткізілді

Қызылордалық полицейлері үшін оқу-әдістемелік жиын өткізілді

Ағымдағы жылғы  11 наурызда Қызылорда облысы ПД Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «ішкі істер органдарында кадр саясатын іске асыру» тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өткізілді.
 Іс-шараның басты мақсаттарының бірі – ол облыс көлемінде бөліністердегі кадр саласының жұмысын ұйымдастыруға жауапты қызметкерлерді құқықтық тәрбиелеу, жеке құрам арасында жеке-тәрбие жұмысының деңгейін көтеріп, тиімділігін жетілдіру және кадр саласының қызметін реттейтін нормативтік актілерді, заңнаманы үйрету бойынша сабақтар өткізу болып табылады.
Аталған іс-шараға Қалалық, аудандық ПБ бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары және кадр саясаты тобының инспекторлары, сондай-ақ ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі кадр саясаты тобының қызметкерлері, барлығы 20 қызметкер қатысты.
Жиын барысында кадр саясатының қызметкерлері сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады және Мемлекеттік Ту көтерілді, сондай-ақ саптық шерумен жүріп өтті.
Сонымен қатар, арнайы өткізілген іс-шара барысында Департаменттің Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері кадр саласының қызметін реттейтін Жарлық, заңдар және бұйрықтардан барлығы 21 тақырып бойынша дәріс сабақтарын өткізіп, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Бұдан бөлек психолог мамандармен «Қызметкердің кәсіби шеберлігін шыңдау және профайлинг» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
13 наурыз 2020 ж. 1 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам