Қос тоқал
Бүгінде әйелдің көзінше тоқал туралы әңгіме айтуға кез-келген ер кісі батыл бара бермейді. Жасқанады немесе отбасында ойран болады деп тілін жұтып қалады. Бірақ, бәйбіше шешетін байламға терең бармайтынымыз ақиқат.
Шиелілік Шырынкүл Қазанбаеваның қазақ әйеліне тән ар-намысы өзгеден өзгеше. Ол көптің алдынан көрінген Еңбек Ері, халықтың сүйікті қызы. Апамыздың шын көңілден шешіліп айтқан әңгімесі талай әйелде жоқ әрекет десе болады.
— Соғыс басталғанда мектеп оқушысы едім. Бір күні ағаң шақыртып жатыр дегесін сабақтан асығыс сыртқа жүгіріп шықтым. Әлгіндей жердегі арықтың ішінен ағам қол бұлғап тұр. Бара қойдым. Қасында әскери киінген досы бар екен. Ағам әй-шәйға қарамай «мынау саған сенімді серік болады» деді де қолымнан ұстатып жіберді. Ол кезде үлкеннің айтқанын екі ету жоқ ғой, сөйтіп, ағам сілтеген сарбазға келін болдым да шықтым. Сол шалымнан екі қыз сүйдім, денсаулығыма байланысты бала көтеру несібесі әйел бағынан айырды. Мен осылай бедеу болдым деп шалымның бағын байламауым керек ғой, оны ықыласы кеткен жеңгесіне қостым. Олар жарасап кетті. Менің бәйбіше деген атым бар, сол да маған аз абырой емес, соған сай екеуіне шарт қойғанмын. «Біз бәріміз бір үйде тұрамыз, сендерге бір бөлек бөлме беремін» деп олардың келісімін алдым. Мақсатым — отбасы берік күйінде қалуы керек. Арада біршама уақыт өткенде бір жесір келініміз шалыма көңілі кетіп жүргенін жасырмады. Ойын ашық айтқан адамнан айналасын ғой, келіннің меселін қайтармадым. Ер адамның әйел қадірін білсе, бір байдың берекесі он қатынның олжасы болады. Сонымен бір үйде үш әйел өмір сүре бастадық. Кейіннен шалымның жеңгесі келінге кезек берді ме, ол түсініп өзі кетті. Ал, келін екі перзент сүйді, шал өмірден өткесін олар Кентауға қоныс аударды. Балалары апалап сыйлап тұрады. Міне, ақылмен шешсе азаматқа да, отбасыға да залал жоқ, ал қызғаныш ешқашан опа бермейді.
Қ.Құрбан