ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Жиналыс барысында Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау падполковнигі Б.Омаров қызметкерлерді мереке күнімен құттықтап, жұмыста табыс, отбасыларына береке, бақыт тіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өмірі мен қызметіне арналған көркем фильмнің ұжымдық көрсетілуі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін» мерекелеу барысында №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Ә.Жақсыбеков «Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы» төс белгісімен, бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы М.Жұбаниязов пен қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны М.Белсенбаев Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.