Қызылордалық тәртіп сақшысы көмек көрсетті
11 наурыз күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауыл тұрғыны азаматша Калхозова Назымкүл Жаңақорған аудандық Полиция бөліміне келіп аудандық учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Исмайлов Марат Оспанұлына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
4 наурыз күні түнгі уақытта ауыл тұрғыны ұлымен Газель автокөлігімен жолға шығып, кенеттен ауа райы бұзылып, күн қатты суытуына байланысты көліктің техникалық ақау салдарынан автокөлігі жүрмей жолда тоқтауға мәжбүр болған. Сөйтіп, Жаңақорған – Шалхия тас жолының бойында жолда қалады.
Түн мезгілі болуына байланысты көмек қолын созатын автокөлік өтпей, өздері де қатты тоңа бастайды.
Қайдан көмек сұрайтындығын білмей тұрғанда автокөлікпен келе жатқан полиция қызметкері тоқтап, қандай көмек керек - деп, жөн сұрап ұлы екеуін өзінің автокөлігіне отырғызып, автокөліктің ақауын тауып, Жаңақорған кентінен тиісті автокөлік бөлшегін жеткізіп, Газель автокөлігін жүргізіп берген. Осылайша, полицей жолда қалған азаматтарға қолдан келген көмегін көрсеткен.
Азаматша Н.Калхозова өз үйіне аман - есен жеткен соң, Жаңақорған ауданы, Шалхия кентіне бекітілген «Марат» есімді Полиция қызметкерінің «Полиция менің қорғаным - деген атқа нағыз лайықты қызметкер» екендігін айта келіп, өз алғыс хатын табыстады. АПб-нің ұжымына алдағы уақытта нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде толағай табыстарға жетуге алғыс білдірді.
Қызылорда облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін күшейтілген кезекшілікке қызметке түсіп, жұмыс жасауда.
Өз кезегінде, жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті жолға шыққанда қауіпсіздік ережелерін, жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.
Қызылорда облысыПолиция департаментінің баспасөз қызметі