Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда: Аймақ басшысы қызмет көрсету кешендеріндегі қауіпсіздік шараларымен танысты

Қызылорда: Аймақ басшысы қызмет көрсету кешендеріндегі қауіпсіздік шараларымен танысты

 Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі бірқатар қызмет көрсету кешеніне барды.
Аймақ басшысы еліміздегі Төтенше жағдай кезіндегі облыста жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларымен танысты.
Алғашқы нысан – Сырдария ауданындағы «Нұрлы-Жол» кешені. Бұл кешенде жалпы аумағы 2 гектар аумақта көлік жөндеу және жуу орындары, 40 орындық қонақ үй және көлік тұрағы бар. Кешенде санитарлық-дезинфекциялық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бір мезетте тек 50 адамға ғана қызмет көрсетуі тиіс.
Бұдан әрі аймақ басшысы аудандағы тағы бір нысан «Керуен» кешеніне аялдады. Мұнда қауіпсіздік талаптары қатаң түрде сақталған. Аурудың алдын алу мақсатында уақытша шектеулер енгізілген.
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Қызыл-Орда» қызмет көрсету кешенінде де тазалық, залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Жауапты мекеме тарапынан күн сайын тексеру жүргізіледі. Аймақ басшысы аудан әкімі Руслан Рүстемов пен нысан иелеріне қауіпсіздікке баса мән беріп, вирустың таралуына жол бермеуді тапсырды.
 
18 наурыз 2020 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 530 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам