Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыстың емдеу мекемелері қорғаныс құралдарымен қамтылды

Облыстың емдеу мекемелері қорғаныс құралдарымен қамтылды

Облыста коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында аймақтық штаб құрылды. Санитариялық-профилактикалық шаралар кешенді жоспарға енгізілілді. Аудан әкімдіктері және аудандық медициналық ұйым басшыларымен селекторлық жиындар өткізілуде. Медицина қызметкерлеріне талдаулар алу, науқастарды оқшаулау және оларға көмек көрсету бойынша нұсқаулықтар таратылды. Қорқыт Ата әуежайында және облыстың барлық медицина ұйымдарында оқу-жаттығулар өткізіліп, коронавирустық инфекциямен ауыратын және күдікті науқасты анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылды.

Анықтама үшін: Жеке қорғаныс құралдары.Бір реттік қорғаныш костюм саны – 4243, көп реттік қорғаныш костюм саны – 1283. Бір рет қолданылатын маскалар саны – 39 717. №95 респираторлар саны – 6472. Бір реттік қолғаптар саны – 90 521. Қолды өңдеуге арналған антисептиктер саны – 1177. Аса қауіпті аурумен ауыратын науқастарды тасымалдауға арналған «капсула» камерасы- 1 дана, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында биологиялық қорғаныш костюмі 1 дана бар.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында 2 млн 901 мың теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Жұқпалы ауруларға 538 төсек орын дайындалды.
20 наурыз 2020 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам