АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында облыстың емдеу-алдын алу мекемелерінің Азаматтық қорғауға жауапты мамандарының қатысуымен «Азаматтық қорғау іс-шараларының орындалуы туралы есеп» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарда азаматтық қорғаныс саласындағы нормативті-құқықтық актілері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинарға қала және аудандарынан 30 қызметкер қатысты. Оны Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Серік Сыздық жүргізді.