ҚАЗАЛЫДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕР ҚҰРЫЛАДЫ

Қазалы ауданында өткен жылы құрылысы басталған 150 орындық аурухана осы айда пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері шешілуде. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей елінің мамандарымен келісім жасалынды. Қазір жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл коронарография жасайтын аппарат аудандар ішінде тек Қазалыда ғана бар. Сонымен қатар, жаңа аурухана жанынан аудандық емхана салу жоспарлануда. 250 келушіге арналған емхана құрылысын салу жобасының құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16,7 млн.теңге бөлінді. 100 орындық туберкулезге қарсы аурухана жұмыс жасайды.