КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыстар салу жұмысы, Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекендеріндегі 5 апаттық жағдайдағы мектептер мен Жалаңтөс батыр ауылынан 150 орындық ауылдық клуб құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жанқожа батыр ауылынан 50 млн.теңгеге спорт кешенісалынуда. Келер жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, өткен жылы басталған Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана он күннен соң Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілетін болады.
Келер 2018 жылы да бірқатар құрылыстарды бастау жоспарланып отыр. Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйі мен аудан әкімдігінің ғимаратын бастауға 400 млн теңге қаржы мәселесі шешілді.
Бұдан басқа, жаңа тұрғын үй аймақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 300,0 млн. теңгенің жобасы қолдау тапты. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Әйтеке би кентінен 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысын салу жобасы әзірленді. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне келер жылы беріледі.