Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 2020 жылдың 22 наурызынан сағат 21-00-ден бастап, 23 наурыз сағат 21-00 аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке қарай ойысып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 23 наурызда жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтерліп, түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге жетеді. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл көтеріліп, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавл қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %. Күндіз Маңғыстау облысының бірқатар аумақтарында шаңды дауыл тұрып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. Ал 23-25 наурыз аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Кей жерлерде тұман түседі. Тараз қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады, тұман түсуі де мүмкін. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. 23-25 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 м/с болады. Шымкент қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғып, одан әрі ол күшейе түседі.

22 наурыз 2020 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам