Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Апталықтың айтары бар

Апталықтың айтары бар

Қашанда мерзімді басылымның мәртебесі үстем. Онда ойдың тұнығы, сөздің құндысы жазылады. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан сөздің астарында аласармас ақиқат жатыр.    
       Қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті аптасына екі рет елмен емен-жарқын сырласып отырған Сыр халқының сүйікті басылымы. Рухани діңгегіміздің негізі. Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы. Тіл ұстартып, тәрбие беруші құрал. Бұл тұрғыдан алғанда апталықтың бәсі биік.
       Дүниежүзін дендеген дерт аймағымызды да айналып өтпеді. Дегенмен әр істің қайырын хақтан тілеген халқымызға таудай төзім тілеймін. Төтенше жағдай кезінде үйде отырып ел ішіндегі соңғы жаңалықтарды шынайы әрі нақты білгіңіз келсе оны «Ақмешіт апталығы» айтады.
       Отбасымыздың сырласына айналған апталықтың айтары бар. Сіздерге де жазылуға кеңес беремін. Атының өзі үлкен тақырыптан, үлкен дүниеден бастау алған басылымның берері көп. Салмақты салаларды қамтитын төл газеттің әрбір саны танымдық материалдармен толығып тұрады. Ол оқырманның олжасы.  
Айдос РАХМЕТОВ, айтыскер ақын, жырау,
ҚР «Мәдениет саласының үздігі».
31 наурыз 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам