Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 388 адам анықталды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 388 адам анықталды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 388 адам анықталды. Оның ішінде 101 адам жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы облысымызда коронавирусқа қарсы стационарларда төсек орындар дайындалған. Қазіргі таңда 135 төсек орынға дейін кеңейтілді. Сонымен қатар провизорлық стационар 100 төсек орын болса, қазір 260 төсек орынға дейін кеңейтілді. Карантиндік қосымша 600 төсек орын бар», - деді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов «Хабар 24» арнасында тікелей эфирден сөйлеген сөзінде.
Басқарма басшысы облыс аумағына сырттан келген азаматтардың бәрі де бақылауға алынғанын айтып өтті.
«1А санатындағы елдерден келген 33 азамат бар. Оның 9-ы ауруханада оқшауланса, 23-і үй жағдайында. 1В санатынан келген 148 азаматтың 12-і аурухана, қалған 136-ы үй жағдайында оқшаулауға алынған. Медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің бәрі қазіргі уақытта сырттан келген азаматтарды анықтау және үйде бақылау жұмыстарын жүргізуде. Жұқпалы аурулардың алдын алу, таралуының қаупін болдырмау мақсатында ауыр науқастарға және жалғызбасты аналарға қатысты дәрі-дәрмекті үйді-үйге тарату жұмыстары жолға қойылған», - деді ол.
Жақсылық Әбдусәметов сондай-ақ Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған 388 адамның анықталғанын қосып өтті.
«Оның ішінде 101-і тығыз қарым-қатынаста болған. Аталған азаматтар үй карантинінде. Алдында анықталған 9 азамат ем алып жатыр. Қазіргі динамикада жағдайларының нашарлағаны байқалмайды. Осы науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмек қоры бар», - деді ол.
Басқарма басшысы ел ішінде той-жиынға бармау туралы насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Бір үйдің азаматтарынан және сол төңіректегі көшенің бойында тұратын азаматтардан осынша науқастың тіркелуі – сақтану шараларының толық көлемде орындалмауынан болып отырғанын атап өткіміз келеді. Алдағы уақытта тұрғындарды оқшаулау мәселесіне мән беруге, індеттің таралуына жол бермеуге шақырамыз», - деді ол.
31 наурыз 2020 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам