Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұртөре Жүсіп: Ел аман болсын десек – ессіз жүрістен, есалаң тірліктен тыйылу қажет

Нұртөре Жүсіп: Ел аман болсын десек – ессіз жүрістен, есалаң тірліктен тыйылу қажет

Сыр өңірі – небір термеге тербелген ел. Қаншама жырау өтті. Сыр сүлейлері деп бәрін мақтан тұтамыз! Сол ақын, жырау, термешілерді жұрт құлақпен тыңдап, жүрекпен ұғатын.
Сырдың халқы сөзге тоқтаған, аталы сөзге құлақ асқан, әлі күнге шейін Сөз қадірін терең сезінеді деп келеміз. Осы байлам жоққа шыққан сияқты ма қалай?
Соңғы бірнеше күнде жұқпалы дерт бірден көбейіп шыға келді. Үйде отыр, жақындарыңды жақсы көрсең сыртқа шықпа, абайла деген ескертпе күнде айтылып жатыр.
Қызылордалық бауырлар! Сіздерге не болды? АҚШ-қа жеткен індет Ақмешіт пен Аралды айналып өтеді деймісіздер? Хорасанға жеткен індет біздің Хорасан бабамыз мәңгі тұрақ тапқан ауданды айналып кетеді деп ойлайсыздар ма? Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарын аттап кетеді деп қай қиялдарыңыз айтады?!.
Тұрмағамбет, Нұртуған, Нартай ақындардың жыр-термелерін тыңдап өскендеріңіз рас болса, Сырдарияның бойындағы қалың елді – өз ағайын, туыс-тумаларыңызды жақсы көретіндеріңіз рас болса, туған еліміз – Қазақстанды сүйетіндеріңіз рас болса – сабыр сақтап, сақтық шараларын жасауларыңызды сұраймын!
Елдікті сақтау – ерлік!
Елдің амандығын сақтау – екі есе ерлік!
Ел аман болсын десек – ессіз жүрістен, есалаң тірліктен тыйылып, Тазалық пен Тәртіпті сақтайық!
Нұртөре ЖҮСІП,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты
02 сәуір 2020 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам