Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада коммуналдық қызмет арзандады

Қызылордада коммуналдық қызмет арзандады

Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтердің төмендетілген тарифтері қолданысқа енгізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.
ҚР Президентінің коронавирус жағдайы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау үшін, Қызылорда облысында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері төтенше жағдай кезеңінде тұрғындардың қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында, сондай-ақ қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, өз бастамалармен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:
«Қызылорда су жүйесі» МКК - сумен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге дейін немесе 10,5% -ға төмендетілді; су бұру қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 48,82 теңгеден 43,0 теңгеге дейін немесе 11,9% -ға төмендетілді;
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК: - жылумен жабдықтау қызметіне тұрғындарға тариф есептеу құралдары бар жеке тұлғаларға 1 Гкалға ҚҚС-мен 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін төмендеді; есептеу құралдары жоқтарға 1 шаршы метрге жылуға төлем ақы ҚҚС-мен 96,76 теңгеден 87,08 теңгеге дейін немесе 10% -ға төмендетілді;
«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШСсумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін орташа босату тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 53,37 теңгеден 48,52 теңгеге дейін немесе 9,1% -ға төмендетілді.
Сонымен қатар, 3 энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр қуатын берудің орташа бағасы тұрғындар үшін 1 кВт/сағатқа ҚҚС-мен 9,1% төмендеді, оның ішінде: - «Энергосервис» ЖШС ҚҚС-мен 15,90 теңгеден 14,46 теңгеге дейін; - «Шиелі Жарығы» ЖШС ҚҚС-мен 17,49 теңгеден 15,90 теңгеге дейін; - «Дәулетэнерго» ЖШС ҚҚС-мен 18,26 теңгеден 16,60 теңгеге дейін.
Сәйкесінше, тұрғындар үшін тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер 9,1% төмендетілді.
03 сәуір 2020 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам