Коммуналдық тарифтер төмендейді

– Коммуналдық қызметтерге жеңілдік жасау 2019 жылы да қарастырылады. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қызылорда су жүйесі» және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның қызметтерінің тарифі төмендейді. Оның ішінде «Қызылорда су жүйесі» МКК бойынша тұрғындар үшін қосымша құн салығымен текше метрге: сумен жабдықтау қызметіне – 22,6; сарқынды суды бұру қызметіне – 11,4 пайызға арзандады. Ал, «Қызылорда су жүйесі МКК-ның және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның тарифтерінің төмендеуінің негізгі себебі инвестициялық бағдарламаға төмендету жағына қарай енгізілген түзету болып табылады, – деді табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың электрмен қызметінің түпкілікті тарифі 0,2 пайыздан 0,8 пайызға дейін төмендейді.
Былтыр тарифтерді төмендету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушылардың үнемдейтін қаржысы шамамен 5,5 млрд теңгені құраған.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.