Мемлекет басшысы тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуы
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және дағдарысқа қарсы іс-шараларына қатысты берген тапсырмаларын орындау жөнінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен отырыс болып өтті.
Жиында сәуір айынан бастап аймақ тұрғындарына қосымша қандай көмектердің көрсетілетіндігі талқыланып, нақты міндеттер жүктелді.
Сондай-ақ, отырыс барысында бірінші кезекте әлеуметтік осал топ өкілдеріне табысынан айырылған жағдайда ең төменгі жалақы мөлшеріндегі қаржымен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
"Халыққа қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды уақытылы орындалу керек" – деді, облыс әкімі. Соныменқатар, жұмыссыз ретінде тіркелген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлемдердің уақытылы төленуін қамтамасызету міндеттелді.
Жиын соңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Бөкенбайұлы Төтенше жағдай кезеңінде филиал бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасап, коронавируспен күрес шараларына тоқталды.