Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақ басшысы БАҚ өкілдерімен кездесті

Аймақ басшысы БАҚ өкілдерімен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірге белгілі журналистер – Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітованы, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаевты және «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаевты қабылдады.

Кездесуде аймақ басшысы баспасөздің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.

«Осындай қысылтаяң шақта ғаламторда, әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарайды. Осы ретте журналистердің халыққа нақты әрі шынайы ақпарат жеткізуі аса маңызды. Сіздермен бірігіп жұмыс істейтінімізге сенемін», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

«Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев өңір басшысының қызметіне сәттілік тілеп, «Сыр медиа» ЖШС қарасты мерзімді басылымдардың жұмысына тоқталды. 555 адамды жұмыспен қамтып отырған мекемеде газетті шығарып, баспаханасында басып, тарату жұмыстары жолға қойылған. Аманжол Оңғарбаев журналистерге сыйақы тағайындау қажеттігін айтты.

Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова мен «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев та аймақ басшысына БАҚ өкілдерін марапатқа ұсынуды, Жазушалар одағына мүшелікке жастарды қосуды және әрқашан бірге жұмыс істеуге әзір екендіктерін жеткізді.

Аймақ басшысы бұл БАҚ өкілдерімен алғашқы кездесуі екендігін, карантин уақыты аяқталған соң, кең құрамда тағы бір кездесу өткізетінін айтты.

«Мемлекет басшысы төтенше жағдайға байланысты тапсырма берді. Қаржы бөлді. Енді ел экономикасын көтеру бағытында жұмыс істеуіміз қажет. Айтылған ұсыныс-пікірлеріңіздің барлығы қаралады. Халық пен билік арасындағы алтын көпір болған журналистерге шығармашылық табыс тілеймін», – деді облыс әкімі.







03 сәуір 2020 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 050 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам