Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Коронавирус: Шиелідегі 6 науқас – бір үйдің адамдары

Коронавирус: Шиелідегі 6 науқас – бір үйдің адамдары

Шиелі ауданындағы қауіпті індетті жұқтырған 6 науқас – бір үйдің адамдары. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 37 науқас тіркелді. 6 жағдай кеше, яғни, 5 сәуір күні анықталды. Барлығы – Шиелі ауданының ауданының тұрғындары. 4-52 жас аралығындағы адамдар. Олар сенбі күні анықталған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандықтан, оқшауланған еді. Сынама-тесттерінің қорытындысы бойынша, олардан коронавирустық инфекция жұқтырғаны нақтыланды. Соңғы анықталған осы 5 науқас – бір үйдің адамдары. Алтыншысы – сенбі күні анықталған науқастың құрбысы. Бұл науқастардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, қазіргі таңда хаттамаға сәйкес, тиісті емдерін қабылдап жатыр. Жалпы, облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 37 адам, правизорлық стационарда – 33, карантинде – 312 адам ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Оның айтуынша, Covid-19 індетін жұқтырған өңірдегі 31 науқаспен байланыста болғандардың саны – 740. Жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 254, потенциалды байланыста болғандар – 486 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған.

Басқарма басшысы атап өткендей, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (А) елдерінен 8 адам келген. Оның барлығы үй жағдайында бақылауға алынып, карантинге жатқызылған.

Сондай-ақ, өңірге қауіптілік деңгейі 1 (Б) елдерінен 141 адам келген. Оның біреуі – стационарға оқшауланса, 140 – үй карантиніне алынған.

Жалпы, өңірде коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар санының күрт көбеюіне – облыс тұрғындарының карантин тәртібін сақтамауы себеп болып отырғанын кеше жазған болатынбыз. Олар жасалған ескертулерге қарамастан әлі күнге дейін жиындарға баруды, отбасылық басқосуларды тоқтатпай, керісінше, үдете түскен. Оқшаулану тәртібіне мүлдем құлақ аспаған. Нәтижесінде, өңірде ең алғашқы коронавирустық инфекция анықталған адамнан сол отбасының 21 мүшесіне қауіпті індет жұғып үлгерген. Кешегі жағдай бойынша Шиелі ауданындағы 6 науқас – бір үйдің адамы екендігі анықталып отыр.
«Облысымызда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны күн сайын өсуі – тұрғындардың карантин талаптарын сақтамуынан болып отыр. Бізге карантин режимі не үшін керек? Әрине, карантин – қарым-қатынасты азайту арқылы қауіпті індеттің таралуының алдын алу үшін қажет. Осыны облыс тұрғындары түсінсе дейміз. Осы режимді 100% деп алатын болсақ, оның 30 пайызы – қоғамдық орындардағы қарым-қатынасты азайтса, тағы 30 пайызы – еңбек ұжымдарының арасында індеттің таралуын болдырмайды. Осы тұрғыда облысымыздағы барлық мекемелердің қызметкерлері қашықтан жқмыс жасауға көшірілді. Қалған 40 пайызы – отбасы мүшелерінің жиындарын болдырмау үшін керек. Бірақ, өкінішке орай, өңірде медицина және құқық қорғау қызметкерлерінің күні-түні жұмыс жасап жатқандығына қарамастан, қауіпті инфекция күн сайын көбейіп отыр. Бұған азаматтардың өзі жауапкершілік танытпай отырғандығы себеп», – деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысы кешегі брфингте мәлімдегендей, коронавирустық инфекция анықталған алғашқы ошақтан 21 адам қауіпті індетті жұқтырып алған. Барлығы – бір отбасының адамдары. Өкінішке орай, Шиелідегі 6 науқас та – бір үйдің адамдары екендігі белгілі болып отыр.

Оның айтуынша, карантин және оқшаулану тәртіптері мен талаптарын сақтамаудың соңы осыған әкеліп отыр.
«Қызылорда облысына шетелдерден келгендердің арасынан 2 адамнан, өзге өңірлерден келгендердің ішінен 3 адамнан қауіпті індет анықталды. Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа облыстардан келген студенттер карантин, оқшаулау талаптарын өрескел бұзуда. Кеше Шиелі ауданының 22 жасар тұрғыны, студент Петропавл қаласынан келіп, құрбысына жұқтырғанын айтқан едік. Бүгінгі жағдайда осыған ұқсас. Отбасындағы жиыннан сол үйдің басқа мүшелері, құрбылар арасындағы басқосудан екінші құрбы осы дертке шалдығып отыр. Осы орайда ерекше қайталап атап өтетінім – карантин тәртібін қатаң сақтау – біріншіден, жалпы жұқтырудың алдын алады, екіншіден отбасындағы өзге мүшелерден анықтау оңайға соғады», – деді Ж. Әбілқасымыұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында Covid-2019 инфекциясын жұқтырғандар саны 37 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
06 сәуір 2020 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам