Төртінші оқу тоқсаны басталды
Бүгін Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін қашықтан оқу үдерісі сәтті басталды. Жас зияткерлер онлайн режимінде пәндер бойынша сабақтарға қатысып, төртінші оқу тоқсан бағдарламасын меңгеруде.
Саягүл Өмірбек ұзақ демалыстан кейін сыныптастары мен бірге қайта қауышты. Алайда бұл жолы оқу қашықтан ұйымдастырылып, оқушылар ұстаздарынан онлайн түрде білім алады.
«Бұған дейін байқау сабақтары өткізілгендіктен, сабаққа қосылу қиынға соқпады. Бірінші сабақ – орыстілі болды. Жаңа тақырыпты меңгеруде мұғалім онлайн түрде жеке және топтық тапсырмалар бере отырып сабақты қызықты ұйымдастыраалды », – дейді 7-сынып оқушысы Саягүл.
Зияткерлік мектеп оқушыларының қашықтан оқуы үшін Microsoft Teamsплат формасында арнайы онлайн сыныптары ашылған болатын. Қашықтан оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруда мектеп, оқушы, ата-ана арасындатығыз байланыс орнатылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген-ді.
«12-сынып оқушыларына Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәнінен 20 минуттан екі сабақ өткіздім. Барлық оқушылар байланыс қашығып, белсенді қатысты. Балалардың дауысы аңық естілді. Ауызша және жазбаша жауап беріп отырды», – дейді тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Зейнулла.
Жаңа формата оқыту жүйесіне сәйкес оқушылар күнделікті сағат 8.30 дан 12.30-ға дейін негізгі пәндер бойынша сабақтарға қатысса, түстен кейін ұстаздары мен жекелей байланысқа шығып, қосымша білім алуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, сабақта пайдаланылған барлық оқуресурстары мен жүргізілген видео жазылым платформаға еңгізіледі. Күнделікті ұстаздар оқушыларға кері байланыс беріп, оқу бағдарламасын меңгеруде қажетті көмек көрсетеді.