Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сапалы тауар сөреде қалмайды

Сапалы тауар сөреде қалмайды

Бұл тұтынушының бірінші ұстанымы. Екіншісі – бағасына байланысты. Карантин кезінде қала халқын арзан және сапалы тауармен тұрақты қамтамасыз ету басты бағдар болса, бұл тұрғыда әлеуметтік дүкеннің жұмысы көп мәселенің маңдайын ашты. Шыны керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев мәлімдемесінде елге демеу болуды, қиналғанды қолдауға алуды тапсырған еді. Сол тапсырманың орындау барысын бағамдап келдік.
Қазір қалада 26 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Ол халық көп шоғырланған аудандарға орналастырылды. Дүкенге іске епті қыз-келіншектер тартылды. Және жұмысы жүйелі, таңертеңгі 09.00-ден кешкі 19.00-ше дейін қызмет етеді.
Әрине тұтынушы талғамын табу өте өзекті іс. Біріне ұнаған нәрсе біріне кереғар келеді. Солай бола тұра әлеуметтік дүкеннің ұтқан екі ерекшелігін таныдық. Біріншіден, базар-ошар үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Үйдің жанынан ұзамайтын етіп қойды. Екіншіден, ең төменгі баға осында. Бұл тиімділік тұтынушыға тарту секілді. Олармен тілдесіп те көргенбіз. Бақсақ, мұндай мезіретке қала халқы ыстық ықылас танытты.
Жалпы, қала әкімінің екі мақсаты айқын: «Бірі өсірілген өнім өз тұтынушысын табу керек. Екіншісі, карантин кезінде ешкім ас-ауқат үшін тапшылыққа ұрынбауы тиіс».
Сонымен «Құлагер» ауданындағы әлеуметтік дүкенге бас сұқтық. Дүкен де елге ыңғайлы етіп қойылған екен, ары-бері өткінші жолының бойында тұр. Есік алдындағы кезек біршама адамның басын құраған. Сөйтсек сатушы Шолпанкүл Жұмабаева індеттің алдын алу мақсатында үш кісіден кіргізіп, кезекпен босатып жатыр екен. Жылы шырайлы жан заттарды жып-жинақы етіп қойған, тұтынушы талғамына сай тұр. Біз «алаңдамай саудаңызды жүргізе беріңіз» дедік те, сөрелерге көз салдық. Сапалы тауар сөреде тұрмайды деген рас ғой, саудаға келген әрбір үш адам көкөніспен қатар азық-түлік тауарын тұтынып отыр. Әсіресе, ұнға, шәйға, тұзға, нанға тапсырып беріп жатыр. Демек, сапа сұранысқа сәйкес келеді.
–Күніне орташа 15-20 қап картоп, 10 қап пияз, 3-4 қап сәбіз өтуде. Тұрмысқа қажетті тауардың да саудасы жаман емес. Біз барынша көпшілікке жетсін деп әрбір адамға 5 кіләдан ғана картоп сатып отырмыз.Өйткені мұндай баға мен өнім қазір еш жерде жоқ, – дейді сатушы Шолпанкүл.
Біз ары қарай жолға шықтық. Қалалық полиция басқармасы ауданындағы келесі дүкенге аялдадық. Дүкеннен сатушы Феризат Қашақбаева жылы қарсы алды. Ширақ қыздың саудаға ептілігі көрініп-ақ тұр. Жауабы да қысқа-нұсқа.
–Негізінен картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күнбағыс майы өтімді. Бір жағынан бағасы да қолжетімді ғой. Мысалы, картоп 83 теңге, пияз 55, сәбіз 82 теңге тұрады. Сондықтан болар, картоптан күніне 700 кілә, пияздан 500 кілә өтіп тұр,– дейді ол.
Әлеуметтік дүкен әлеумет үшін ашылған. Көктемге дейін сапалы сақталған көкөніс өнімдері әлі де сыр берер емес. Ең бастысы, карантин кезінде көптің игілігіне жарап, бір жағынан қамқорлық аясында жасалған дүкеннің дүниесі әрбір үйдің дастарханында тұр.

Қаныбек Әбдуов




07 сәуір 2020 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 436 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам