Сovid-19 вирусы тағы 3 адамнан анықталды
Бүгінгі күні аймақта COVID-19 вирусы тағы 3 адамнан анықталды. Оның ішінде Жаңақорғанда – 1, Шиеліде -2 жағдай тіркелген. Сонымен жалпы науқастар саны 119-ды құрап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов айтты.
Науқастар бұған дейін инфекция жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болып, оқшауға алынған екен. Соңғы сынама қорытындысымен оларда короновирус белгісі бары нақтыланған. Қазір олар облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған.
– Науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтарды алдын-ала оқшаулау арқылы аурудың таралуын болдырмауға болады. Карантин кезінде түрлі себеппен блок бекетті өтіп келіп жатқан аудан тұрғындар бар. Егер үйіңізге басқа ауданнан қонақ келген болса, емханаға хабарласып, мән-жайды айтқан жөн. Ол адамның вирус жұқтырған болуы әбден мүмкін, - деді басқарма басшысы өз сөзінде.
Ақмешіт-ақпарат