Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 20 келіден астам марихуана тәркіленді

20 келіден астам марихуана тәркіленді

Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады. 36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден астам марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды.
Бұл қылмыс 10 сәуір күні белгілі болды. ҚР ІІМ және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткен бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының бойында Арал ауданының Шижаға елдімекені тұсында автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелкелер шықты. 2 литрлік 8 дана, 1 литрлік 26 дана, 1,5 литрлік 1 дана ыдыстарға есірткі типтес жасыл түсті, иісті заттар салынған. Сараптама қорытындысы олардың кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады. Көлік иесі Арал ауданындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


13 сәуір 2020 ж. 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам