Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
Қазгидромет 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Сондай-ақ, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар күйіндегі жауын-шашын жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.