Төтенше жағдай кезіндегі полиция департаментінің жұмыстары

«Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап облыс бойынша 527 факті анықталды. Оның ішінде, 149-ы көліктің қозғалысына тыйым салу, 84-і еш себепсіз тұрғын үйден тыс жерде жүру, 67-сі дүкен бойынша болса, 49 -ы кафе-мейрамхананың қаулы талаптарын орындамауы»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.
Сонымен қатар, компьютер клубтары, автокөлік жөндеу орындары, қонақ үйлер және т.б. орындар тексерілді. 236 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралып, 112 тұлғаға айыппұл салынса, 124-і әкімшілік қамаққа алынып, 13-і ескертілді.
Мұнан өзге, облыс бойынша 35 блок бекеттер қойылды. Қазіргі таңда 356 қызметкер жұмыс істеуде. Оның ішінде, 206-сы полиция қызметкері, 100-і әскери қызметкер, 50-і медицина қызметкері. Сондай-ақ, облысқа кіру және шығу жолдарына 3 санитарлық пост қойылды.
«Қызылорда қаласының ішінде 4 жерде патрульдік полицияның 11 бақылау бекеттері азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысына бақылау жасау үшін қойылды»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.
Айта кетейік, осындай жұмыстар барлық аудандарда атқарылуда.