Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ

ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ

   Қызылорда қаласының оңтүстік өнеркәсіптік «Тұрангаз» ЖШС жанар-жағар май құю станциясы аумағында орналасқан өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.
Жаттығулардың негізгі мақсаты - өрт сөндірушілер мен қызметкерлердің төтенше жағдайларда әрекетіне үйлестіру, жауынгерлік іс-әрекеттерін жүргізу үшін объектінің ерікті өрт сөндіру құралымдарын оқыту және жаттығуға тартылған күштер мен құралдардың өзара әрекеттесуін жақсарту.
Кәсіпорында тұрмыстық баллондарды сұйылтылған газбен толтыру үшін құрал-жабдықтар орнатылған. Нысанның пайдалану және техникалық сипаттамаларын ескере отырып, газ құбырын қосу арқылы шартты өрт орын алды. Сол кезде газды сорғылау жұмыстары жүргізілді. Жану нәтижесінде жарылыс қаупі және жұмысшылардың күйіп қалуы болды. Жаттығу жоспарына сәйкес қызметкерлер «өрт» туралы хабарды «101» жедел өрт сөндіру қызметінің нөміріне дереу жеткізді. Сол уақытта ерікті өрт сөндіру құралымдары магистральдық газ құбырынан газды дереу өшіріп, жақын маңдағы тұрған теміржол цистерналарын салқындатты. Өрт сөндіру бөлімшелері жануды түпкілікті тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттерді тез бастайды, сондай-ақ оның қайта пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығарады.
Оқу-жаттығуларға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен 48 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.
04 желтоқсан 2017 ж. 1 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам