Талсуаттықтар судан тарықпайды
Өзбек халқында төре тілек бар: «Арығыңнан су кетпесін» деген. Сол сөз бізге де баянды болып тұр. Рас, көктем келгелі кетпенге жан бітті. Жерді баптап жатыр. Ендігі бір ғана үміт су қалды. Су келсе ағаштың ажары кіреді. Бұл мәселе биыл қалай болады екен? Ел елеңдеп отыр еді... Шешілді!
Табиғи желі көп аймақтың топырағы тез кеуіп кететіндіктен егін суды көп сұрайды. Мұны талсуаттықтар ерте қаперге алды. Ауылды аяқ сумен қамту мақсатында дариядан су айдауға бір қалқымалы электронасос, оған қоса қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен алынған СМП-500 дизельді насосын іске қосып, аяқ су айдауды бастады. Екі насосты пайдалану арқылы бүкіл ауылды аяқ сумен қамтамасыз етуге болады.Қуаты жеткілікті.Алайда, ауылдың жаңа қоныстанып жатқан солтүстік бетіндегі тұрғындарды қамтуға көшелерге кіші арықтар жүргізу керек болып тұр. Игі жұмыстар бұдан әрі тұрғындармен бірлесіп жалғасын табатын болады.
Қ.Құрбан