Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПКЕРІ КӨБЕЙГЕН АУЫЛ

КӘСІПКЕРІ КӨБЕЙГЕН АУЫЛ

  Түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы кезекті есепті кездесуі Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округінде жалғасты. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ауыл әкімі Марат Жаркеткенов өткен жылы атқарылған істерді ел алдында саралады.
Қалаға қарасты Талсуат ауылдық округінде 435 отбасы қоныстанған, 2000-ға жуық адам тұрады. Іргесі жаңадан қалыптасып жатқан бұл аумақтың әлеуметтік, экономикалық дамуы жыл сайын серпін беруде.
Ауылдың өсіп-өркендеуіне мемлекеттік бағдарламалардың септігі мол. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 11 азамат жеке ісін ашуға ниет білдіріп, тиісті құжаттар тапсырған. Өткен жылы мұнда 4 шаруа қожалығы, 1 серіктестік, 1 акционерлік қоғам және 39 жеке кәсіпкер тіркелген. Қазіргі таңда округте дәмхана, жиһаз цехы, дүкендер желісі халыққа тұрақты қызмет етеді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Керейбаеваның өз қаражаты есебінен елді мекенде монша және шаштараз ел игілігіне берілді. Бұған қоса, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС құрылыс заттарын өндіру мақсатындағы жаңа жобаны қаржыландырған. Қазіргі күні соның нәтижесінде жеке кәсіпкер «Жаханов» жұртшылықты құрылысқа қажетті құрал-жабдықтармен қамтып отыр. Сондай-ақ, мұндағы тұрмысы төмен 4 отбасы «Өрлеу» жобасына қатысып, екі қолға бір күрек тапты. Осындай игі істердің нәтижесінде Талсуат ауылының тұрғындары кәсіпкерлік салаға оң бетбұрыс жасады.
Ауылды таза ауыз сумен қамту мәселесі де оң шешімін тапқан. «Қызылорда Сыр Суы» ЖШС теңгеріміндегі ауыз су құбыры арқылы 328 үй тіршілік көзін пайдалануда. Ал, 44 үй көше колонкалары арқылы су алады. Жалпы, ауылішілік су жүйелерінің ұзындығы 5,5 шақырымды құрайды. Округте оқу-ағарту саласында 150 орындық №178 орта мектеп, 1 балабақша елге қызмет көрсетеді. Ондағы «Дружба», «Строитель» саяжайында тұратын оқушылар мектепке арнайы бөлінген «Газель» автокөлігі арқылы қатынайды. Сондай-ақ, мұндағы «Заңғар» балабақшасында 17 педагог бар. Олар 90 бүлдіршінге тәлім беруде. Тұрғындар медициналық көмек алуда дәрігерлік амбулатория қызметіне жүгінеді. Қазіргі кезде онда екі мыңнан астам адам тіркелген. Ауылдық округ көшелерін жарықтандыру дұрыс жолға қойылып келеді. Қазір Талсуатта 31 көшенің 11-де жарық шамдар орнатылған. Талсуаттағы ауыл шаруашылық саласы бойынша 363 гектар жайылымдық жер орын тепкен. Бұл бағытта 4 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Онда 89 мүйізді ірі қара, 206 уақ мал, 33 жылқы түлігі бар. Былтырғы жылы 12 тонна ет, 8 тонна сүт өнімі өндірілген.
Ел алдында атқарылған іс-шаралар барысын таразылаған ауыл әкімі алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлармен бөлісті. Соның ішінде округте жаңадан қалыптасқан көшелерге электр желісін тарту, асфальт төсеу, аяқ су жүргізу мен ауылды көгалдандыру мәселелері ескеріледі.
Сондай-ақ, жиында есеп берген ауылдың учаскелік полиция инспекторы М.Арғынбаев жыл көлемінде тұрғындардан 125 арыз-шағым түскенін жеткізді. Түскен шағымдар негізінде барлық істер қаралып, шешімін тапқан. Оның ішінде мал ұрлығы бойынша тиісті шаралар жүзеге асқан.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы, оған қарасты кент және ауылдық округтерде былтыр атқарылған жұмыстар барысын саралады. Алдағы мақсат-міндеттер жайында әңгімеледі. Тұрғындар тарапынан түскен жаңадан қалыптасқан көшелерді асфальттау мен электр жарығын орнату мәселесіне байланысты өз пікірін білдірді. Қала басшысы электр жарығын жүргізу бойынша жұмыстар үстіміздегі жылы өз шешімін табуына назар аударатынын жеткізді.

Айдана СЕЙІЛ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам