Көңілге медет болды
Төтенше жағдай жарияланғанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде табысымнан айырылған едім. Жұмыссыз қалсақ қалай болады деген уайым болды.
Артынша мемлекет тарапынан 42500 көлемінде жәрдемақы берілетінін естігенде іштей қуандым. Телеграм бот арқылы өтініш тастап, 1 апта көлемінде қолыма алдым. Қысылтаяң кезде бұл да көңілге медет болды.
Нұржан ІЗТАЕВ,
қала тұрғыны