Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕМЕН ТӘРБИЕЛЕНУІ КЕРЕК

ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕМЕН ТӘРБИЕЛЕНУІ КЕРЕК

  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Анар Бекмырзақызы Салқынбай мәлімдеді.
АНАР САЛҚЫНБАЙ: "Елбасының "Рухани жаңғыруда" айтқан 2 мәселені атап өткім келеді. Жастар тәрбиесіндегі прогматизм мәселесі. Сондай-ақ, шетелдік кез-келген ақпаратты дәл сол қалпында қабылдайтын болсақ, Елбасы айтқандай, ол үлкен қатер болмақ. Сондықтан, бұл мәселелер басты назарда болғаны жөн.
Әдебиеттанушы, ғалым, ұстаз Алма Қыраубаеваның "Сенім" бағдарламасы - қазақ баласын қазақы тәрбиелеу мақсатын бірінші орынға қояды. Қазақтың баласы есіктен сәлем беріп кіруден бастап, ата-бабамыздан қанға сіңген тәрбиесімен тәрбиеленуі керек. Егер бұл жүйені сіңіре алмасақ, ертеңгі ұрпағымыздың дүниетанымы, болашағы өзге мемлекеттің немесе өзге ұлттың мәдени деңгейінде қалыптасуы әбден ықтимал. 
Рухани жаңғыру - бір нәрсені жасау, шетелдің дүниесін игеру емес, бұл өзіміздегі бар нәрсені жаңғырту. Бізде дүниелер өте көп. Жазба ескерткіштер, жазбалар, қиссалар, эпостық жырлар секілді дүниелерімізді әрбір қазақ баласы оқып, көріп, біліп, түсіне алатын болса бұл рухани жаңғыру. 
Сондықтан Елбасының бұл бағдарламасы дәл бүгінгі уақытқа келген үлкен бастама деп білемін".
08 желтоқсан 2017 ж. 1 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам