Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақтың төл өнімі – «Сыр сабыны»

Аймақтың төл өнімі – «Сыр сабыны»

Ерболды өңірге тың дүние әкелген кәсіпкер ретінде, алғашқы жеке кәсібі аясында арнайы мақала  жазған едік. Аймақта жаңа технологияны меңгеріп, 3Д еден жасайтын бірегей маман өзі болатын. Бұл ісі көпшіліктің қызығушылығын тудырған еді. Одан бері де біршама уақыт өтті. Жақында тағы бір жаңа істі жүзеге асырғанын естіп, расымен қолдауға тұратын іс екен дедім. Әрі өзіне хабарласуды жөн көрдім.
          – Сәлеметсіз бе, Ербол! Қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі едім. (өзімді таныстырып) Жаңа іс бастаған екенсіз. Қолыңыз бос болса, осы төңірегінде сұрақтарым бар еді?
          – Сәлеметсіз бе! Иә, әрине. Сұрағыңыз болса қоя беріңіз?
          Жаңа кәсіп аясындағы әңгіме осылай басталды. Қолға алғанына көп бола қоймаса да жұмыс қауырт жүріп жатқанға ұқсайды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін азамат сабын өндірісін өз аймағымызда дамытқысы келген екен. Осылайша, істің барысын зерделеп, жүзеге асыруға көшкен.
          – Бұл істі жақында бастадым. Бұған дейін 3Д еден жасаумен айналысқанмын. Бір қалыпта қалғым келмеді. Кәсіпкерлікті серік еткесін оны жетілдіруді көздеп, ақырында өзімізден өнім шығаруды ойладым. Солай «Best1st» ЖШС құрып, сабын өндірісін қолға алдым. Әзірге күнделікті кір жууға қолданатын сабын (кір сабын) шығарамыз. Құрамы 72 проценттік өнім барлық мемлекеттік стандартқа сай келеді. Жаңа өнімді өндіру үшін арнайы рұқсат қағазы да бар. Қазір елдегі ахуалға байланысты «Сыр сабыны» жарнамаланып, кеңінен таратылып жатқан жоқ. Тек естіп, білген азаматтар ғана үйден келіп алуда. Алдағы уақытта үлкен кәсіп көзіне айналдырсам деген жоспарым бар.  Ол кезде азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға да мүмкіндік болады, – дейді кәсібі жайында Ербол Әшірбек.
          Күнделікті тұрмысқа қажетті қара сабын туралы бізге белгілісі халқымыздың ертеректе өсімдік күлінен сақар жасау арқылы сабын өңдейтіні. Оны сақар сабын деп те атап жүрміз. Дегенмен қазіргідей технология дамыған тұста оның да небір түрі өндіріліп жатыр емес пе? Бірақ, бәрібір сол қара сабынға жететіні жоқ. Ал, жас кәсіпкер өз өнімінің дайындалу әдісін құпия сақтады. Тек білгеніміздей өсімдік, тоң май, картоп, балық, бауырсақты қуырғаннан қалған май да жарайды екен. Көбінесе бір рет қолданылған майды зиян деп, келесі де тұтынбайтынымыз бар. Енді оны ысырап қылудың қажеті жоқ. Себебі, кәсіпкер аталған майдың сабын өндірісіне аса қажет екенін айтады.      
          Енді облыстың төл «Сыр сабыны» бар. Құрамы 72 проценттік өнім күніне 1000 данамен шығарылуда.  Негізгі жұмыс күші – отбасы, бауырлары. Әзірге солай. Алдағы уақытта өзі айтқандай кәсіп аясын кеңейтіп, азаматтарды жұмыспен қамтысақ деген жоспары бар. Ал бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан. 150 грамнан бастап 350 грамға дейін баратын сабынның ең арзаны 47 теңге, 200 грамдығы – 55 теңге болады. Әрі қарай бағасы көлеміне байланысты өсе береді.
          Иә, бізге керегі қажетті өнімді өзімізде өндіру. Сол арқылы елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытуға болады. Ендеше игі іс бастаған кәсіпкердің ісіне береке тілейік.

Айдана СЕЙІЛ
21 сәуір 2020 ж. 2 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам