Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАҒЖАННЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

МАҒЖАННЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

   Ел ертеңі – жалынды жастар. Бүгінде олардың пікірі мен ұсыныстарына әрдайым ерекше мән беріледі. Өйткені, қазақта «Ақыл жастан шығады» деген тағылымды сөз бар. Қазіргі уақытта IT технологияны терең меңгеремін деген жастарға қолдау көрсетілуде. Осыған орай облысымызға жобалық менеджмент жүйесін енгізу аясында «Hack Day-2017» идеялар фестивалі өткізілгені белгілі. Бұл жобаға №3 гимназияның 10-сынып оқушысы Мағжан Бекетов те қатысып, өзі ойлап тапқан «Компьютердің көмегімен газдардың концентрациясын анықтау» тақырыбы аясында, физика-математика бағыты бойынша жобасын ұсынды.
– Жақын туысқанымның үйінде газ жарылып материалдық зақым келгеннен кейін осы идея туындады. Қазіргі кезде ақпараттық технология жан-жақты дамыған. Соның нәтижесінде бұл бағытта барлық мүмкіндік туып отыр. Бұл саланы терең меңгеріп, болашақта ІТ технология саласының шыңына жеткім келеді.  Сондықтан осы мақсатты тынымсыз еңбектеніп, күні-түні ізденіс үстінде жүрмін. Жастар арасында өткізілген «Hack Day» байқауында менің жобам қолдау тапты. Бұл арқылы біз төтенше жағдайдың алдын ала аламыз. Аталған жоба болашақта жүзеге асырылады. Менің ғылымға деген қызуғышылығым информатика пәні оқытылғаннан басталды. Алғаш осы пәннен қалалық олимпиадаға қатысып 2 орын иемдендім. Содан бері әртүрлі байқауларда бақ сынап келемін – деді кейіпкеріміз.
Соңғы жылдары көгілдір отын пайдалану барысында зардап шеккен тұрғындар кездесіп қалады. Олар газ төменгі концентрацияда болса улану жағдайына кезігуі мүмкін. Ал, жоғары тұрса қоршаған ортаның әсерінсіз жарылады. Егер де осы жоба жүзеге асса, төтенше жағдай бөлімшесі мен тұрғындардың ұялы телефондарына хабарландыру түседі. Сол арқылы халықты алдын ала сақтық шараларына шақыруға мүмкіндік бар. Бұл жобаны ол бір жарым жыл бойы жетекшісі Арыстан Тұяқбаев бірге зерттеген.
Мағжан Бекетов бүгінге дейін қалалық және облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ал, аталған байқауда кейіпкеріміз «Ақпараттық технологиялар» номинациясы бойынша алғашқы іріктеуде III орын, финалда I орыннан көрінді. Осы жобасы арқылы Мағжан Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық конкурсқа жолдама алып, II орынды иеленді. Сонымен қатар, Астана қаласында өткен «Жас ғалым» республикалық байқауынан да үздік үштіктен көрінді.   
Үнемі ізденіс үстінде жүретін Мағжан орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Оқу үлгерімі де жақсы. Қазіргі кезде ол ҰБТ-ға дайындалу үстінде. Болашақта физика-математика бағыты бойынша білікті IT маманы болуды қалайды.
Фариза МАДИЯРОВА,
ҚМУ-дің IV курс студенті.
31 наурыз 2018 ж. 1 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 039 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам