Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық аналардың ыстық ықыласы

Қызылордалық аналардың ыстық ықыласы

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің үшінші бағыты бойынша аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда.
Қызылорда қаласында да әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын көпбалалы отбасыларға азық-түлік топтамалары толық жеткізілуде. Осы ретте, аймағымыздағы көпбалалы отбасылардың пікірлерін білуді жөн көрдік.
Сондай отбасының бірі, қала тұрғыны Байменова Гүлнұр Сұлтанбекқызы:
-Көмек дорбасында күнделікті балаға қажетті тауардың барлығы дерлік бар. Карантин кезінде міне, үйде отырмыз. Сыртқа шықпаймыз. Осындай көмек түрінің болғаны қажеттілікті өтеуде.
Бұдан түйгеніміздей, мемлекет ұсынған бұл тетік түрінің қала тұрғындарына, әсіресе көпбалалы аналарға көрсетілген ерекше қолдау екені байқалады.
Мұндай игі істер өте көп.
Сондай қолдауды сезініп отқан Алтаева Жансая Оңалбекқызы:
- 1-6 жасқа дейінгі балаларына тиесілі жеке бас гигенасына арналған әлеуметтік топтаманың балаларға ең басты, ең қажетті, керекті, маңызды өнімдер екеніне тоқталды. Жалпы, баланы өмірге алып келгеннен кейін, баланы өсіру, жақсы тәрбие беру, сапалы білім беру әрбір ата-ананың міндеті. Ал, мынадай атаулы әлеуметтік көмек беріп, пакеттер жиынтығымен қамтамасыз етіп отырғаны ол бізді қосымша қолдау. Осындай қамқорлықты сезінуге мүмкіншілік берген үкіметке алғыс айтамын,- дейді
Ал, көп балалы ананың бірі Дүйсенбаева Әдемі Нұрланқызы:
- Әлеуметтік кепілдендірілген пакет, жалпы атаулы әлеуметтік көмек қазаққа ғана тән қасиеттің жалғасы іспетті. Себебі қазақ халқы әрдайым Өзінде барды өзгемен бөлісу, жоққа жәрдем беру деген қағиданы ұстанған емес пе?!, -дейді.

Бұл қызылордалық аналардың ыстық ықыласы.
























21 сәуір 2020 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам