Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала несібесін ала туады

Бала несібесін ала туады

    Әрбір адам алдағы жылдан жақсылық, игі өзгеріс күтетіні белгілі жай. Өмірді адамға қызықты, тартымды ететін де ертеңгі күнге деген үміт. Міне, тышқан жылы да баянды басталып, оңды өзгерістермен елді қуантты.
Иә, тышқан жылы елімізге жағымды жаңалығымен келді. 2020 жылдың басты жаңалығы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы болмақ. Бұл өзгеріс көптеген ардақтымызды қуантқаны жасырын емес.
– Жаңа өзгерістер арқылы жас аналарға қолдау көрсетілетінін естіп қуанып отырмын. Көп балалы аналардың мәртебесін көтеру, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету бағытында қолға алынған игі бастамалар қарапайым тұрғындарды риза қылды. Алдағы уақытта баламен үйде отырыпта жұмыс жасауға мүмкіндік мол, – дейді көп балалы ана Гүлжан Қалмағанбетқызы.
Қаңтар айынан бастап аталған көмек жаңа үш бағытта көрсетілетін болады. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Ал, еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі қажет. Сонымен қатар, олардың жұмысқа орналасуына немесе кіші бизнеспен айналысуға тиісті жағдай жасалмақ. Бұл жөнінде біз қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметоваға барып, кеңінен айтып өттіортақ ой туралы әңгімелестік.
– Заңда көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген мемлекеттік жәрдемақы ұсыну қарастырылған. Осы заң негізінде жәрдемақы бала санына қарай беріледі. Яғни, төрт баласы бар отбасыларға – 42 496 теңге, бес балаға – 53 127 теңге, алты балаға – 63 757 теңге, жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы жүйесі қайта қаралды. Енді атаулы әлеуметтік көмек қазіргідей 6 немесе 12 айға емес, тоқсан сайын тағайындалады. Бұл жерде бастысы отбасының көпбалалы болуы, сондықтан бұл мемлекеттік жәрдемақы үшін отбасының табысы қаралмайды, – деді ол.
Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жүйесі өзгерді. Ол бұрынғыдай алты немесе он екі айға емес, тоқсан сайын тағайындалады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады.
Онымен қоса, атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Яғни, мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағыларына тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу-құралдары беріледі, күнделікті мектепке барып-келуге жұмсалатын жол шығыны өтеледі.

Бұдан да басқа таңдай қақтырар жаңалықтар аз емес. Зейнетақы, шәкіртақы өседі. Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты, мемлекеттен балаларға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылу бойынша, аса зиянды және ауыр жұмыстарда еңбек ететін адамдарға төленетін әлеуметтік және бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері көбейетіні қарапайым тұрғындардың жүзіне қуаныш ұялатып отыр. Демек, биыл бала несібесін ала туады деген аталы сөз ақиқат болғаны да.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.

06 қаңтар 2020 ж. 1 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам