Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Індетті жеңу – өз қолымызда

Індетті жеңу – өз қолымызда

Ертеде бір қарапайым тігінші жарық дүниеде өзіміз секілді өмір кешіпті. Бір күні үнемі қасынан шықпайтын немересіне үлкен бір даналық тәрбиесін бергісі келген екен. Тігін тігуге кіріскен кезінде өте қымбат тұратын үлкен қайшысын алып матаны ұсақтап кесе бастайды. Болған соң қайшыны аяғының астына лақтыра салады да, ине алып кескіленген маталарды бір-біріне қосып тіге бастайды. Болған соң инені алып, бас киіміне әдемілеп қыстырып қояды. Манадан бері бұл көрініске таңқала қарап тұрған немересі шыдай алмай: "Неге ана қымбат қайшыны лақтыра салдыңыз да, болмайтын бір инені әспеттеп, басыңызға қадап қойдыңыз?» дейді. Сонда атасы: «Қайшы болса әп-әдемі матаны кескілеп, бөлшектеп тастайды. Ал ине болса кішкентай, әлсіз болғанына қарамай, бөлінген бөлшектің басын қосуға тырысады. Сосын олардан әдемі киім шығарады. Балам, қандай биік деңгейден көрінсең де, ешуақытта бөліп-бөлшектеуге, бірлікке сына қағып, сызат түсіруге ұмтылып жүргеннің дәрежесін көтеріп, оған болыспа. Керісінше, әлсіз болса да бірлікке шақырып жүргеннің абыройын артырып, демеп-көтермелеп, қасынан табыл» деген екен. Сол айтпақшы елдің ішіндегі карантин шектеуін дұрыс пайдаланып, әлеуметтік желіде елді қиындықта ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырып, насихаттап жүргендердің бірі – 83 жастағы кейуана, Белкөл тұрғыны – Айқын Әбдіхалықова. Ол – тыл ардагері, 9 перзентті өмірге әкелген. Солардан қазір 25 немере, 10 шөбере сүйіп отыр. Әжей бүгінде үрім бұтағынан тараған ұрпақтары үшін алаңдап отыр. Қария белі бүгілген қарттығына қарамай, немере-шөбересіне бетперде тігуде. Әлеуметтік желімен бейнебайланысқа шыққан қария өзінің Қыран атты немересіне өзі тіккен бетпердені кигізіп жатып, жерлестеріне сәлемдеме жолдауды да ұмытпаған. «Үйде болыңыздар. Алла «Сақтансаң, сақтаймын» деген. Қыз-келіншектерге айтарым, қолөнермен айналысыңдар, менің жолымды берсін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, балалар тәрбиесімен айналысып, оларды ешқайда жібермей, дәрігерлердің айтқан кеңесіне құлақ асыңыздар. Індетті жеңу – өз қолымызда» дейді ақ шашты абыз ана. Шынында, осындай асыл аналарымыз көпке үлгі болуы тиіс. Ол кісінің еңбегіне – үлкен алғыс. Бәрі – өз қолымызда. Тек тәртіпке бас иіп, сақтанып жүрейік.
Әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өзінің жыр шумақтарымен елдің көңіліне шуақ сыйлап жүргеннің бірі – ақын Оңталап Базарәлиев. Талант иесі карантин кезіндегі мүмкіндікті пайдаланып, өзінің бойындағы ұсташылық өнерін жаңғыртуда.

Санамда сардар ойдың самалы есіп,
Тербетіп қиялымды дала бесік.
Аспанға жұлдызды бір жазам өлең,

Тұп-тура туған айды қалам етіп, деп тебіренген жыр дүлдүлі үйде жүрген бос уақытта жұртшылықты бірлікке үндеп, өз өнерін енді өлең өлкесінде ғана емес, қолөнерде көрсетуді мақсат етіп отыр. Ақыннның фейсбук парақшасына салған әр туындысы оның достығындағы кісілердің назарына ілігіп, түрлі керемет пікір жазылып жатыр. Ол осылайша алтын уақыттың қадірін біліп, бағалауға шақырған секілді. Түпкі ойының алтын қазығы – Сыр елінің сырбаз халқын індеттен қорғанып, отбасымен бірге болып, жүрегі қалаған жұмыспен шұғылдануға үндеу. Міне, мұндай бағалы тірлікке сүйсіну керек. Оңталапқа тек «Талабыңыз оң болсын!» деген тілек жолдаймыз.
Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ






24 сәуір 2020 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам